Бүгінде еліміздің бай тарихы және оның бірегей географиялық орналасуы арқасында туризм саласы дамып, елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерді тартуға жағдай жасалуда. ҚР МОМ-і қаламыздағы басты тарихи-мәдени нысандардың бірі болғандықтан шетелдік қонақтардың үлкен қызығушылығына ие. Шетелдік қонақтар музейде Қазақстанның көне заманнан бастап қазірге дейінгі тарихы мен мәдениеті жайлы жан-жақты мағлұмат алады. Жалпы, соңғы 5 жыл ішінде музейге жақын және алыс шетелдерден 60 мыңға жуық қонақ келген. Олардың қатарында алыс шетелдерден — Бразилия, Америка, Үндістан, Австралия, Португалия т.б. келген қонақтар бар.
Қазақстандағы АҚШ консулдығы дипломаттары
Әзірбайжан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасы мен алқа төрағалары. Италияндық белгілі композитор САНТА ЧИЧИЛИЯ мемлекеттік музыкалық консерваториясының директоры Франко Антонио. Музыка танушы Раберто Джулиани. Камералық музыка өнерінің танымал өкілі Роберто Галетто. Қазақ киносының шоқтығы биік тұлғалары Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев.Туркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Эврен Муддеррисоғлы.