БИЛЕТТЕРДІҢ БАҒАЛАРЫ
Мектепке дйінгі жастағы балалар | тегін |
Ұлы Отан соғысына қатысушылар | тегін |
Мектеп оқушылар | 200 теңге |
Студенттер | 300 теңге |
Зейнеткерлер | 300 теңге |
Ересектер | 500 теңге |
Шетел азаматтары | 500 теңге |
Антропология залы (экскурсиялық қызмет көрсетумен) |
1000 теңге |
Алтын коллекциялар залы (экскурсиялық қызмет көрсетумен) |
1300 теңге |
Толық кешенді билет (мұражайдың барлық залдарын көру, сондай-ақ антропология залы мен «ашық қор» залына экскурсиялар) | |
Ересектер | 2800 |
Студенттер мен зейнеткерлер | 2600 |
Мектеп оқушылар | 2500 |
ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (20 АДАМҒА ДЕЙІНГІ ТОП):
Экскурсия, 1 акад. сағат (мектеп жасындағы балалар) | 1000 теңге |
Тақырыптық экскурсия,1 акад. сағат | 2000 теңге |
Ескерту: Музейге ұжымдық келу кезінде, келушілер экскурсияға арналған төлемнен басқа, кіру ақысын төлейді.
МУЗЕЙ ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
Музей көрмелерді, фестивальдерді, жәрмеңкелерді, презентацияларды, брифингтерді, конференцияларды, форумдарды, балалар іс-шараларын және т. б. ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді ұсынады.
- Музей экспозициялары мен көрмелеріне шолу, тақырыптық экскурсиялар, музейлік сабақтар, квесттер өткізу.
- Музей мамандарына музей ісін дамыту мәселелері бойынша тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
- Халықтың әртүрлі санаттары үшін Қазақстан Республикасы тарихының әртүрлі мәселелері бойынша кеңестер беру.
- Мекемелерде, оқу орындарында, әскери бөлімшелерде және т. б. Қазақстан тарихы бойынша көшпелі дәрістер мен көшпелі көрмелер ұйымдастыру.
- Республиканың музейлеріне: облыстық, қалалық, аудандық, мемориалдық тарихи-мәдени, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдарда, институттар мен мектептерде және т. б. жұмыс істейтін қоғамдық музейлерге жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
- Тарихи-мәдени сараптама жүргізу.
- Келушілердің Қазақстанның ғылым және мәдениет өкілдерімен, белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлермен, тарихи оқиғаларға қатысушылармен кездесулер ұйымдастыру.
- Басқа музейлер қорларындығы бұйымдар мен жәдігерлерді және жеке коллекциялардағы көркем бұйымдарды қалпына келтіру.
- Музей экспонаттарының көшірмесін жасау.
- Бейнетүсірілімдер жүргізу бойынша қызметтер: (деректі, көркем, ғылыми-білім беру түсірілімі, ролик, клип, сұхбат).
- Музей Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің музейлерін, галереяларын, мұрағаттарын, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін — суретшілерді, мүсіншілерді, дизайнерлерді, ақындарды, жазушыларды, әртістерді, дипломатиялық корпус өкілдіктерін (шет елдердің елшіліктері мен консулдықтары), бизнес-құрылымдарды, туристік және жарнама агенттіктерін, БАҚ және т. б. ынтымақтастыққа шақырады.
Барлық есептеулер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020 ж. 15.09. № 254 бұйрығымен бекітілген «ҚР МОМ» РМҚК көрсететін ақылы қызметтер мен жұмыстарға шарттық бағалардың қолданыстағы Прейскурантына сәйкес жүргізіледі.