Музей ғимаратын ұстау және қызмет көрсету бөлімі
Музей ғимаратын ұстау және қызмет көрсету бөлімі 2008 жылы ғимаратты пайдалану бөлімі негізінде құрылды. Бөлім 21500 шаршы метр ғимарат алаңына және 2,8 га. жерге қызмет көрсетеді. Бөлім жұмысын қалыптастыру қажеттілігі қалыпты техникалық қызметті қамтамасыз ететін бөлімдер арасындағы өзара байланысты үйлестіру қажеттілігімен байланысты. Бөлімнің негізгі міндеті пневманасостық қондырғылар мен сантехникалық қызмет, БӨҚжА және электротехникалық қызмет, ғимаратты сақтау және өрт қауіпсіздігі, музейді үздіксіз жылумен, сумен қамтамасыз ету, электр қуатымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өрт сөндіру жүйесін бақылау және күзет-өрт дабылы бөлімдерімен бірлесіп жұмыс атқару. Техникалық бөлімдердің жұмысы инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойына, ауысымды түрде ұйымдастырылған. Музей ғимараты радиаторлармен және экспозициялық залдарға, қорларға және әкімшілік бөлімдерге жылытылған ауа беретін 10 желдеткіш қондырғымен жылытылады. Жарықпен қамтамасыз ету ТП (трансформаторлық станция) арқылы 100 квт.беріледі. Өрт қауіпсіздігі ғимараттың барлық жеріне орналастырылып, пультпен басқаруға шығарылған датчиктермен байланысты газстациясымен қамтамасыз етіледі. Күзет дабылы қазіргі заманғы бейнебақылау датчиктерімен жабдықталған, пультпен басқару күзетінде бақыланады. Бұған қоса, бөлім жұмысшылары үнемі ғимарат, музей аумағының тазалығына, құрал-жабдықтарды жөндеу, құлыптарды, есіктерді ауыстыру, ағымдық жөндеу жұмыстары (кабинеттерді), жиһаздарды жөндеу, көрмелер мен түрлі іс-шараларды өткізу орнын дайындайды.
Экспозицияны сақтауды қамтамасыз ету
Музейдің экспозициялық коллекцияларын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экспозицияны сақтау бөлімі құрылды. 2008 жылы бөлім экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету тобы болып өзгертілді. Топ қызметкерлерінің жауапкершілігіне экспозицияларға қауіпсіз орта қалыптастыру, үздіксіз тексеру жүргізу, экспозицияларды тексеру, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу, температуралық-ылғалдылық режимінің үздіксіз мониторингісі жүргізіліп, витриналар мен залдарды жарықтандыру жұмыстары кіреді. Ғылыми қызметкерлер мен қор сақтаушылармен бірге ай сайын залдарды тазалау, витриналарды және экспонаттарды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қажет кезінде экспонаттар қалпына келтіру және консервацияға өткізіледі. Экспонаттарды сақтаушылар келушілермен жұмыс барысында белгіленген тәртіпте тамашалауға болатындығын, ешқандай артефактіні қолмен ұстауға болмайтындығын (қол терісінің әсерінен металл заттың өзі тотығады) түсіндіріп, балаларға арналған экскурсиялардың жүргізілуін қатаң әрі сыпайы түрде қадағалайды.