Мәдени-білім жұмысы орталығы
Мәдени-білім жұмысы орталығы алғаш 2000 жылы «Ғылыми-әдістемелік орталық» деген атпен құрылды, ал 2006 жылдан бері «Мәдени білім беру жұмысы орталығы» деп аталды. Орталық құрамында екі сектор: музейлік менеджмент және маркетинг секторы, музейлік педагогика және жобалау секторы бар.
Мәдени-білім қызметі музей коммуникациясының маңызды бөлігі болып табылады және ҚР МОМ жұмысының басты бағыттарының бірі. Мәдени-білім жұмысының теориялық және әдістемелік негізін музейлік педагогика құрайды, ол музей аудиториясымен алуан түрлі жұмыстар атқарады. Музейдің мәдени-білім беру қызметі біріншіден тарих және мәдениет ескерткіштерін дәріптеуге бағытталған.
ҚР МОМ мәдени-білім жұмысының бағыттары:
— ғылыми-әдістемелік жұмыс (әдістемеліктер, оқу құралдарын, сауалнама, музей сабақтарының жаңа тақырыптарын дайындау, оқу орындары мен музей ісінің мамандарына ғылыми-кеңес беру);
— жобалық жұмыс (музейлік-педагогикалық бағдарламалар, мәдени-білім және көрме жобаларын дайындау және жүзеге асыру);
— мәдени-білім іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
— Алматы қаласының оқу орындарымен жүйелі жұмыс жүргізу; жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған практикалар ұйымдастыру және өткізу;
— музей аудиториясы мен келушілер санын анықтау мақсатында социологиялық және маркетингтік зерттеулер жүргізіледі;
— музейлік менеджмент және маркетинг саласында: жарнама және PR-қызметін жүзеге асыру; қаржылық серіктестер және демеушілермен жұмыс (музей қызметіне қаржылық серіктестерді тарту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру); музейдің имидждік және ақпараттық саясатын жүзеге асыру.
Орталық жұмысының негізгі бөлігі – ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерімен (ғалымдар, суретшілер, фотосуретшілер, коллекция жинаушылар және т.б. шығармашылық тұлғалар) бірігіп, жеке жиынтықтағы көрмелер өткізу, сондай-ақ түрлі іс-шарлар – жәрмеңкелер, фестивальдар, тұсаукесерлер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, кинокөрсетілімдер, әдеби-мәдени кештер, концерттер, қайырымдылық іс-шаралар, PR-акцялар және т.б. өткізу болып табылады.
Музейлердің мәдени-білім қызметінің мазмұны музейлік аудиториямен жұмыс ұйымдастырудың түрлерінен, сонымен қатар білім беру жүйесімен өзара қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
Экскурсиялар мен экскурсиялық қызметтерді ұйымдастыру тобы
Топ қызметінің негізгі бағыттары: шолу және тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру; келушілердің әр түрлі санаттарына экскурсиялық қызмет көрсетуге дифференциалдық әдіс пайдалану; музейлік-білім беру бағдарламаларын дайындау; дәріс оқу жұмыстарын жүзеге асыру;
— музейдің ақпараттық қызметін жүзеге асыру: музей қызметін бұқаралық ақпараттық құралдарында – теледидар мен радиода, баспасөз құралдарында ақпараттық қолдау;
— көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізу;
— жалпы білім беретін мектептер оқушыларының әр түрлі жастағы топтары үшін интерактивті сабақтар өткізу;
— мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалармен жұмыстар жүргізу;
ҚР МОМ-нде өткізілетін экскурсиялар: мазмұны (тарихи, табиғаттану, өнертану және т.с.с.) бойынша, түрі (шолу, тақырыптық, топтама, кешенді) бойынша, қатысушылардың құрамы (ересектер, студенттер, балалар және т.с.с) бойынша, белгіленген мақсаттылығы (оқу, экскурсия-сабақтар және т.с.с.) бойынша, музейдің білім беру-тәрбиелік қызметімен (таныстыру, білім беру және дамытпалы) байланысты негізгі міндеттер бойынша әртүрлі болып келеді. Экскурсиялар, сондай-ақ, өткізу әдістері (сұрақ-жауап, баяндау, ойын түрінде және т.с.с.) бойынша ерекшеленеді.
ҚР МОМ келушілеріне экскурсиялық қызмет көрсету үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Музейдің келушілермен көпшілік жұмысының дәстүрлі түрлерінің бірі дәріс оқу болып табылады. Дәрістер палеонтология, археология, этнография, антропология жән Қазақстан тарихы бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) жүргізіледі.
Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бөлімі 1999 жылы құрылған. 2007 жылдан бастап бөлім «Көрме және экспозицияларды ұйымдастыру тобы» деп қайта аталып, мынадай екі секторға бөлінді: «экспозициялық көрмелік жұмыстар секторы» және «көркем безендіру және дизайн секторы». Топта білікті суретші-дизайнерлер, экспозиционерлер жұмыс істейді.
Топтың басты атқаратын міндеті музейдегі түрлі тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру және музейдің залдарындағы тұрақты экспозицияларды жаңарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
ҚР МОМ экспозициялық-көрмелік қызметі музей жұмысының саласы мен бағыттарын толық ашып көрсетуге мүмкіндік береді және оған мыналар кіреді: а) экспозицияларды жобалау (ғылыми жобалау – тұжырымдамасын, құрылымын дайындау, нақты мазмұн негізінде тақырыптық-экспозициялық жоспарын әзірлеу; көркемдік жобалау – сәулеттік-көркемдік қағидаттар мен шешімдерді әзірлеу); б) техникалық және жұмыстық жобалау – экспозицияларды құрастыру; в) экспозицияларды бөлшектеу; г) рэкспозиция — тұрақты жұмыс істейтін экспозицияларды ішінара жаңарту.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде өзінің экспозициялық көрмелік жұмысында еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаларға, айтулы даталарға және Қазақстанның белгілі қоғам және өнер қайраткерлерінің мерейтойларына, бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген қылқалам шеберлерінің шығармашылығына арнап жыл сайын 30-дан астам көрме ұйымдастырылып тұрады.
ҚР МОМ көрмелерінің жіктелуі
Музей өткізетін көрмелер параметрлеріне қарай келесідегідей түрлерге бөлінеді:
— экспозициялық материалдардың тақырыбы, мазмұны мен сипатына қарай – мерейтойлық, жеке, халықаралық, тұсаукесер көрмелер, фотокөрмелер, тарихи, көркемдік көрмелер, көрме — жәрмеңкелер, балалар шығармашылығының көрмелері;
— орналасқан жеріне қарай – музейден тыс, жылжымалы, көшпелі көрмелер.
Музейде өтетін көрмелер жүйелік және тақырыптық экспозициялық әдіс бойынша құрылады.
2010-2014 жылдар аралығында өткізілген көрмелер. Музей 150-ден астам түрлі сипаттағы көрмелер (мерейтойлық, мемориалдық, тарихи, көркемөнерлік, тұсаукесер көрмелер, көрме-жәрмеңкелер, балалар шығармашылғының көрмелері) өткізді, аталған көрмелер ғылыми және мәдени жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырып, республикалық БАҚ-та кең сұранысқа ие болды.