Последние новости

20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі

2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Подробнее »

14.12.2024 ж. Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.

2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы

Подробнее »

06.12.2024 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесі

2024 ж. 6 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН»

Подробнее »

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты. Алғаш рет ҚАУ мектебі

Подробнее »

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды. Көрме

Подробнее »

Ғылыми форумдар

Сіздерді дәстүрлі «XVІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелі конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты: 26-27 сәуір 2024 жыл

26 сәуір күні сағат 10:00-де (9:00 тіркелу басталады) Мемлекеттік орталық музейінде конференцияның ашылу салтанаты мен пленарлық мәжіліс өтеді. 27 сәуір ≪Таңбалы≫ мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында дөңгелек үстел жоспарланған.

толғырақ…

———————————————————————————————————————————————

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, ТЮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Алматы қаласы музейлер бірлестігі Сіздерді 2024 жылдың 14-15 наурызында Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан туристік қауымдастығының қолдауымен «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» II Халықаралық ғылыми форумы жұмысына қатысуға шақырады.

Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.

толығырақ…

Форум басылымға жіберілетін мақалаларына/баяндамаларына қойылатын талаптар

—————————————————————————————————————————————————

 

Музей қызметкерлерінің халықаралық және аймақтық деңгейдегі ғылыми конференцияларға, сондай-ақ ғылыми форумдар мен түрлі іс-шараларға қатысуы, музейдің әлемдік деңгейде танылғандығын және сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Мұның өзі музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының дұрыс жолға қойылғандығының бірден-бір дәлелі. Осы жайт музей қызметкерлерінің ғылыми мүмкіндігінің арта түсуіне ықпал ете отырып, алдағы уақытта олардың музей бағытында жұмыс атқаратын шетелдік мамандармен, ұйымдармен өзара ықпалдастықты кеңейтуі — отандық музейтану ісіндегі іргелі зерттеудің берік негізін қалайды.

Музейдегі археологиялық, этнографиялық, музейтанулық және басқа да зерттеулердің жандануы қазіргі заманғы зерттеу үрдістеріне сай болып отыр.

ҚР МОМ қызметкерлері жыл сайын музеология және салалық ғылыми-гуманитарлық пәндер бойынша өткізілетін халықаралық және республикалық конференцияларға белсене қатысады.

Ғылыми форумдарды ұйымдастыру мен өткізу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Халықаралық ұйымдар ТҮРКСОЙ мен ИСЕСКО қамқорлығымен 2013 жылы 21-22 мамыр аралығында Орталық Азия музейлерінің мамандары үшін «Орталық Азия музейлері: дәстүрлері мен инновациялары» атты іс-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарда музейлік істердің инновациялық түрі; қазіргі заманғы музейлік тәжірибедегі ғылыми зерттеулердің өзектілігі, сондай-ақ ғылыми-теориялық мәселелерден бөлек, тәжірибелік маңызы бар мәселелер талқыланды. Семинар аясында қазіргі кезеңдегі музейлердің даму мәселелері; олардың ғылыми және білімдік әлеуеті; музейлік тәжірибедегі интерактивті және ақпараттық технологиялар; музейлік педагогика; музейлік менеджмент пен маркетинг түрлері бойынша маңызды мәселелер қозғалды.

Іс-тәжірибелік семинарға Орталық Азия – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның арнайы мамандары, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан елдерінің мәдени орталықтарының өкілдері мен Еуропалық музейлер академиясы өкілдері, халықаралық ұйымдар ТҮРКСОЙ мен ИСЕСКО өкілдері мен Қазақстанның Алматы қаласы мен облыстық музейлері және ҚР МОМ қызметкерлері қатысты.

Іс-тәжірибелік семинардың тақырыптық бағыттары:

  • музей ісін дамыту мәселелері: ескішілдік және музей менеджментінің жаңа әдістері;
  • қазіргі заманғы музей маркетингі;
  • музей ғылыми-зерттеу институты ретінде (ғылым музей ісінің басты факторы ретінде);
  • ақпараттық технологияларды музей ісіне енгізу: мәселе және әдіс;
  • музейлік коллекцияларды сақтау мен зерттеудің қазіргі заманғы мәселелері (халықаралық және ұлттық-аймақтық аспектілері).

Іс-тәжірибелік семинарға қатысушылар Орталық Азия елдері өткеннен жеткен өте бай дәстүрлі мәдениетті еншілегендігіне көз жеткізді. Бұл тарихи-мәдени үндестік – ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достыққа, сондай-ақ мәдени байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

2014 жылдың соңында ҚР МОМ-інде қазақтың этнограф ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.Арғынбаевты еске алуға арналған «ІІ Арғынбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Бұдан бұрынғы «І Арғынбаев оқулары» да 2009 жылы музейде өткен. Форумға Түркиядан, Ресейден, Қырғызстаннан, Үндістаннан, Өзбекстаннан белгілі музейтанушылар және этнограф ғалымдар қатысты. Бұл дегеніміз Қазақстандағы этнология ғылымына және музей ісі мәселелеріне қызығушылықтың артқандығының айғағы болып табылады.

Қазақстандағы соғыстан кейінгі кезеңде этнография ғылымының қалыптаса бастауы – республикадағы Ғылым Академиясынан түлеп шыққан талантты этнограф ғалымдардың жемісті еңбегімен тікелей байланысты. Кейіннен осылардың көбі танымал ғалымдар болып қалыптасты. Осы кезең қазіргі кезде «ХХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ этнографиясы мектебі» деген атауменен этнография ғылымы дамуының бір сатысы ретінде аталып жүр.

Осы мектептің ең басты жеткен жетістігі қазақтардың тарихи этнографиялық түйінді мәселелерін шешу болып табылады. Көрнекті зерттеуші ғалымдардың күшімен, әсіресе профессор Халел Арғынбаевтың жетекшілігімен қазіргі таңдағы отандық этнология ғылымының негізі қаланды және зерттеуші ғалымдардың жаңа буыны дайындалды.

Осы конференциядағы пікірталас алаңында қазақтардың тарихи этнографиясымен қатар қазіргі таңдағы этнология және этносоциология, далалық зерттеулердің әдістемесі, музейтану ғылымы, этноархеология, ескерткіштану және т.б. өзекті мәселелері талқыланды.

Конференцияда төмендегідей секциялар жұмыс істеді:

  • этнос және қоғам, этносаяси және этномәдени үдерістер
  • материалдық және рухани мәдениет
  • отбасы және неке-отбасы қатынастары антропологиясы
  • музей ісі

Ғылыми практикалық конференцияны ҚР МОМ-імен бірге Білім және Ғылым министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеттері бірлесіп ұйымдастырды.

ҚР МОМ қызметкерлері қатысқан ғылыми форумдар

2005 ж.

  1. «Сирек кітаптар мен қолжазбалар — сақталу проблемалары, ғылыми зерттеулермен өзара байланысы, жаңа технологиялар енгізу» Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция. – Алматы. 2005 ж.
  2.  «Қазіргі таңдағы музей қала мен аймақтың дамуында маңызды ресурс». Халықаралық конференция. – Қазан қаласы, 12-17 қыркүйек, 2005 ж.
  3. Ресей этнографтары мен антропологтарының VI конгресі. – Санкт-Петербор, 2005.

2006 ж.

  1. «Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және сақтау проблемалары» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы, 2006 ж. 14 желтоқсан
  2. Д.С. Лихачевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Экология мәдениеті және мұраларды сақтау» Халықаралық конфернециясы. – Мәскеу. 2006 ж.
  3. Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, келешек. V Халықаралық Еуразиялық ғылыми форум. – Астана, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006 ж.
  4. Марғұлан оқулары – Алматы. 2006 ж.
  5. «Иран және Дешті Қыпшақ» конференциясы. Баяндама: «Күлтөбе қалашығының (Оңтүстік Қазақстан) жазба ескерткіштерінің зерттелуінің алғашқы толық емес есебі» Шығыстану институты. – Алматы. 2006 ж.
  6. Күлтөбеден (Оңтүстік Қазақстан) алынған көне эпиграфиканы зерттеуге арналған Халықаралық дөңгелек үстел. – Алматы. ҚР МОМ. 2006 ж.
  7. «Рухани мұра және қазіргі мәдениет: текстология, игеру, зерттеу» Халықаралық ғылыми симпозиумы. – Алматы. 2006 ж.
  8. «Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және сақтау проблемалары» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, – Алматы. 2006 ж.
  9. Музей және қоғам: Дөңгелек үстел. – Астана, 2006.
  10. «Орталық-Азиялық аймақ: өткені мен бүгіні» Халықаралық ғылыми симпозиумы – Алматы. 2006 ж.
  11. 40-шы Халықаралық көркемөнер сыншылары конгресі. (ЮНЕСКО жанындағы AICA). – Париж, 2006 ж.15-20 қазан.
  12. «Ортағасырлық Қазақстанның ақша айналымы және саудасы». Халықаралық ғылыми конференция. – Түркістан қ. 2006 ж. 8 – 10 маусым.
  13. «Қобыланды батыр» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. – Ақтөбе. 2006 ж.
  14. «Адамзат өркениеті – тарихы және қазіргі заман». Халықаралық конференция. – Алматы, 2006.
  15. В. Луниннің туғанына 90 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференция. – Ташкент. 2006 ж.

2007 ж.

  1. «Қадырбаев оқулары – 2007» Халықаралық ғылыми конференция. – Ақтөбе. 2007 ж.
  2. «Қадырбаев оқулары – 2007» – Батыс Қазақстанның археологиялық көне дәуірінің белгілі зерттеушісі М.К. Қадырбаевты еске түсіруге арналған конференция.
  3. «Әбсаттар Дербісәлі және шығыстану мен руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, әл-Фараби атындағы КазҰУ, – Алматы. 2007 ж.
  4. Ресей этнографтары мен антропологтарының VII конгресі. «Еуразиядағы этноконфессиональдық үрдіс (көпұлтты Ресей аймағындағы және ТМД елдеріндегі этноконфессиональды бірлестіктер, аймақтық антропология» секциясы. – Саранск, 2007 ж. 9 – 14 шілде. – Мәскеу-Саранск, 2007 ж.
  5. «Әлемдік рухани құндылықтар және қазіргі қазақ әдебиетінің мәселелері». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2007 ж.
  6. «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгіні мен болашағы» Республикалық ғылыми-практикалық семинар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және деректану ұлттық орталығы. – Астана. 2007 ж. 23 ақпан.
  7. «Қытай және Жерорта теңізі». Халықаралық семинар — Алматы. 2007 ж. 19-20 қазан.
  8. «Археологиялық және этнографиялық зерттеулер интеграциясы» атты XV Халықаралық ғылыми семинар. – Одесса, Омск. 2007 ж.
  9. «Мұрағат мекемелерінің жарияланымдық қызметі: бүгіні мен болашағы». Республикалық ғылыми-практикалық семинар. – Астана. 2007 ж. 23 ақпан.
  10. Өзбекстан Республикасы ҒА академигі С.П. Толстовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Арал маңы тұрғындарының мәдениеті» – атты Халықаралық симпозиумы және «Ертедегі Ташқырман оазисінің археологиясы» тақырыбында өткен екінші далалық семинар. – Нүкіс-Бустан-Беруни. 2007 ж.
  11. «Мәдениетаралық байланыстар және аударма». Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. – Алматы. 2007 ж.;
  12. ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының академигі Ө.Айтбаевтың мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2007 ж.
  13. «Тәуелсіз Қазақстанның үздіксіз білім беру ісінің модернизациясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Д.А. Қонаев атындағы Алматы үздіксіз білім беру университеті. – Алматы. 2007 ж.;
  14. «Халықаралық толыққанды білім беру ісінің интеграциясы мен инновациясының қайнар көзі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. – Алматы. 2007 ж.

2008 ж.

  1. Кузеев оқулары. Халықаралық конференция. РФ. Уфа қ. 2008 ж.
  2. «Яссауи мұрасын зерттеудің ғылыми мәселелері» атты Әзірет-Сұлтан Мемлекеттік қорық мұражайына 30 жыл толуына арналған халықаралық конференция. – Түркістан. 2008 ж.
  3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы. 2008 ж.
  4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ. – Алматы. 2008 ж. 29-30 сәуір.
  5. Омск қаласындағы Ертіс алабының музей ісінің 130 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы музей ресурсы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Омск. 2008 ж.
  6. «Қазақтанның қазіргі таңдағы инновациялық мәдениеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. ҚазМӨҒЗИ. – Алматы. 2008 ж. 20 қараша.
  7. «Әлемдік өркениеттегі көшпелілер қазынасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы. 2008.
  8. «Өткінші және мәңгілік: қазіргі таңдағы әлемдік мифологиялық кеңістіктегі әлеуметтік салт-жоралар» атты Бүкілресейлік ғылыми конференция. Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті. Великий Новгород, 2008 ж. 21-22 қазан.

 2009 ж.

  1. Ресей этнографтары мен антропологтарының VIII конгресі. – Орынбор. 2009 ж. 1-5 шілде.
  2. «Шығыстану білімі және ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері». Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы. 2009 ж. 29 сәуір.
  3. «Этнос. Қоғам. Өркениет». Р.Г. Кузеевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. ІІ Кузеев оқулары. – Уфа. 2009 ж.
  4. «Ресей қазақтары: тарих және қазіргі заман». Халықаралық ғылыми конференция. – Омск, 2009.
  5. «Мұрағат және қоғам: мәдени мұраны сақтаудағы өзара әрекеттестік» ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы, 2009.
  6. «Алтаистика және түркологиядағы кешенді зерттеудің өзекті мәселелері». Халықаралық конгресс. – Көкшетау. 2009 ж.
  7. «Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты ғылыми-практикалық семинар, – Алматы. 2009 жыл, 28-29-қараша
  8. «Түркология ғылымының өзекті мәселелері». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті. – Шымкент. 2009 ж. 17-18 мамыр,
  9. «Қазақстан этностарының дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері және сақтаудың болашағы». Республикалық ғылыми-практикалық семинар. – Алматы. ҚазҰУ, 2009 жыл. 28-29 қараша.
  10. Қазіргі таңдағы музей: Ғылым. Дәстүр. Инновация: халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Астана. 2009 ж. 24 тамыз.

2010 ж.

  1. Профессор Ж. Қ. Қасымбаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Абай атындағы ҚазҰПУ. – Алматы. 2010 ж. 21-22 желтоқсан.
  2. Тәліпов оқулары. Халықаралық ғылыми конференция. Алматы. 2010 ж. қараша.
  3. Ш. Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойына орай «Хан Кененің қасиетті мұраты» атты өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркология ғылыми-зерттеу институты. – Түркістан. 2010 ж. 24-сәуір.

2011 ж.

  1. «Оразбаев оқулары». Халықаралық ғылыми конференция. – Алматы. 2011 ж.
  2. «Қабдолов оқулары». Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2011 ж.
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция. – Астана. 2011 ж.
  4. Ancient Bronze Age and Xiong-nu Cultures in Mongolia. June 25, Saturday, 2011. International Academic Congerence. — Ulaanbaatar University of NUM. 2011.
  5. Орта Азия халықтарының мәдениетін зерттеудегі Ш. Уәлиханов қазыналары. Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы. 2011 ж. 14 желтоқсан.
  6. Шейх Батал — қаж Белхароевтың қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған аймақаралық конференция. –СПб. Магас, 2011 ж.
  7. Л.Н. Гумилевтың 99 жылдығына орай өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференция. 2011 ж.
  8. Ресей этнографтары мен антропологтарының ІХ конгресі.– Петрозаводск. 2011 ж.
  9. В. Юдинге арналған ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2011 ж. 16 сәуір.
  10. «Тәліпов оқулары» Халықаралық ғылыми конференция. Алматы. 2011 ж. қараша.
  11. Ж.Қ.Қасымбаевты еске алуға орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конфернеция. Абай атындағы ҚазҰПУ.– Алматы. 2011 ж.
  12. Тіл зерттеуші Ә.Ысқақовтың 70 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2011 ж.
  13. Археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан археологиясы мен этнологиясының қазіргі таңдағы жетістіктері және инновациялық технологиялары» атты ІІІ Оразбаев оқулары аясындағы халықаралық ғылыми-практикалық конфернеция. Қазақ Ұлттық Университеті. – Алматы, 2011ж. 29-30 сәуір.
  14. Тәуелсіз Қазақстанның археологиясы: қорытындылары мен келешегі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының 20 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция. – Алматы. 2011 ж.
  15. Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 2-ші халықаралық ғылыми конференция. Ақтөбе, 2011.
  16. «Музейлерді жандандырудың қазіргі таңдағы перспективалық жағдайы» атты халықаралық ғылыми конференция. – Баку, 2011 ж.
  17. Türk Kültürünün Gelişme Çağları: Başlangıç ve Yazıtlar Çağı Toplantısı Katılım Belgesi Халықаралық конференциясы. – Ұланбатыр. 2011 ж. 14-20 тамыз.
  18. Халықаралық конференция. Алдан-Маадыр атындағы Ұлттық музейі. Тыва Республикасы. – Кызыл, 2011 ж. 25-26 маусым.
  19. «Қазақстандағы ақпараттық үрдістер: Тәуелсіздікті нығайтудағы БАҚ рөлі» ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2011 ж.
  20. «Көшпелілердегі Тәңіршілдік» халықаралық ғылыми-теоретикалық конференция. Алдан-Маадыр атындағы Ұлттық музейі. Тыва Республикасы. – Кызыл, 2011 ж. 25-26 маусым.

2012 ж.

  1. Қазіргі әлемдегі қоғамдық білім: мәселелері, ізденісі, болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана, 2012 ж.
  2. «Қазақстан тарихы: қазіргі зерттеулер мен оқытудың өзекті мәселелері» атты «Қасымбаев оқулары» Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Абай атындағы Қаз ҰПУ. – Алматы. 2012 ж.
  3. Хакас ғалымы, түрколог, салыстырмалы тілдер маманы, шығыстанушы Н. Ф. Катановтың 150 жылдық мерйтойына арналған «Н. Ф. Катановтың мұралары» атты халықаралық ғылыми конференция. – Хакасия-Абакан. 2012 ж.
  4. В.М.Наделяевтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Орталық Азияның түрік-монғол халықтары: тілі, этникалық тарихы және фольклоры» атты ғылыми-теориялық конференция. – РФ, Кызыл. 2012 ж.
  5. «Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. 2012 ж.
  6. «Тарихи мәдени мұра және заманауи мәдениет» атты Халықаралық ғылыми тәжірибелік семинар. – Алматы. 2012 ж.
  7. «Қожа Ахмет Яссауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Түркістан. 2012 ж.
  8. «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы. 2012 ж.
  9. М.П. Грязновтың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Далалық Еуразия мәдениетінің ежелгі өркениетпен өзара байланысы» атты Халықаралық ғылыми конференция. – Санкт-Петербор, 2012 ж.
  10. «Қадырбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция. – Ақтөбе. 2012 ж.
  11. Түрколог ғалым Н. Ф. Катановтың 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми конференция. – Орал. 2012 ж.
  12. Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 1-ші және 2-ші симпозиумы. – Ақтөбе — Атырау — Алматы, 2012 ж.
  13. «Шоқан тағылымы-16» атты ғылыми-практикалық конференция. – Көкшетау. 2012 ж.

2013 ж.

  1. Төв Азийн тууль симпозиум, наадам – ІІ. 2013 оны 8 сарын 5-7. Илтгэлийн хураангуй (Central Asian epic symposium festival – II Ulaanbaatar, Mongolia.Thesisi abstracts) – Улаанбаатар. 2013 ж.
  2. «Отандық археология және этнология: зерттеулер, жаңалықтар, талдаулар» атты «V Оразбаев оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференция. Алматы. 2013 ж.
  3. «Орталық Азия музейлері: дәстүр мен жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинар-практикумы. – Алматы. ҚР МОМ, 2013 ж.
  4. «Музей педагогикасындағы көркемөнер-білімі кеңістігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Өскемен. 2012 ж.
  5. «Тәжік халқының тарихы мен этнографиясын зерттеудегі М.С. Андреевтің ғылыми мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция. Душанбе. – 2013 ж.
  6. «Қазақстандық сәйкестіктерді қалыптастырудағы университеттің философ ғалымдардың рөлі» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция. Алматы. – 2013 ж.
  7. «Тұлға тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция. Алматы. ҚазҰПУ. 2013 ж.
  8. «Мұраның ажырамас бөлігі мәдени ландшафт» атты ғылыми-практикалық конференция. Алматы. 2013 ж.
  9. «Экоинвест» атты Кубан археологиясының VI Халықаралық конфернециясы. Краснодар, 2013 ж.

2014 ж.

  1. ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х.Асылбектің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция. Алматы. 2014 ж.
  2. К.А. Ақышевтың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы. 2014 ж. 26-28 сәуір.
  3. «Қазіргі таңдағы экономика және білім мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық Интернет конференциясы. Алматы. 2014 ж.
  4. «Қадырбаев оқулары» атты IV Халықаралық ғылыми конференция. – Ақтөбе. 2014 ж. 9-10 қазан.
  5. Халықаралық «ІІ Арғынбаев оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2014 ж. 25 желтоқсан,
  6. Жас тарихшы ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. – Алматы. 2014 ж. 20 мамыр.
  7. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары» аясында ұйымдастырылған «Қазақстан жолы — 2050» және тарих ғылымы: жетістіктері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2014 ж. 14-наурыз.
  8. Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай ұйымдастырылған «Кеңес мемлекетінің ұлы жобасы: артықшылықтары мен кемшіліктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2014 ж. 14 қазан.
  9. «Қазіргі таңдағы экономика және білім мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық Интернет конференциясы. Алматы. 2014 ж. 6-7-ақпан.
  10. «Қазақстандық сәйкестіктерді қалыптастырудағы университеттің философ ғалымдардың рөлі» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция. Алматы. – 2014 ж.
  11. «Өңір тарихы: Тәуелсіз Қазақстанды зерттеудің негізгі бағыттары және тәжірибесі» атты VIII Қасымбаев оқулары республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы. 2014 ж. 9-желтоқсан.
  12. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жас ғалымдары ұйымдастырған «Қазақстан – 2050 стратегиясы және тарихшы жас ғалымдардың міндеті» атты конференциясы. – Алматы. 2014 ж. 20 мамыр.