Последние новости

20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі

2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Подробнее »

14.12.2024 ж. Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.

2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы

Подробнее »

06.12.2024 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесі

2024 ж. 6 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН»

Подробнее »

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты. Алғаш рет ҚАУ мектебі

Подробнее »

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды. Көрме

Подробнее »

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми іссапарлар мен экспедициялық ізденістер музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Экспедиция музей қорын толықтырудың бірден-бір көзі және музей қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың оңтайлы жолы бола отырып, ол музейдің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім жұмысын тиімді ұйымдастырудың дереккөзі де болып саналады.

ҚР МОМ Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Күлтөбе және Қаратау отрядтары 2011-2013 жж. № 0158127 (11.07.2011ж. берілген) лицензия негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы және Түркістан аудандарында археологиялық қазба жұмыстарын атқарды.

2014 ж. 14.05.2014 (1 жылға) берілген № 14006603 лицензияға сай Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында археологиялық қазба жұмыстары атқарылды. 2011- 2014 жж. Қаратау, кейіннен Ақтерек отрядтары орталық жетекшісі Х.Айтқұлдың басшылығымен қола заманының (б.з.д.X-IX ғғ.) және ежелгі көшпелілер кезеңінің (б.з.д. IV- б.з. IVғғ.) Талдысу-1, Күркіреуік (Оңтүстік Қазақстан) қорымдарында, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы қола, ерте темір ғасыларына жататын Ақтерек, Сұлуқоян қоныс-қорымдарында зерттеу-қазба жұмысын атқарды.

Күлтөбе отряды аға ғылыми қызметкер, т.ғ.д. А.Н. Подушкиннің басшылығымен Күлтөбе қалашығы, Қылышжар, Күлтөбе қорымдарында (б.з.д.IV- б.з. IVғғ.) қазба жұмысын жалғастыра отырып, сақ (б.з.д.IV — I ғғ.), сармат, сюнну (хунну) (б.з.д. I — б.з. III ғғ.) мәдениеттеріне жататын кешендерді ашты.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде музей қоры аталмыш мәдениеттер артефактілері: саз балшықтан, қоладан пішінделген зооморфты мүсіншелер, аң стиліндегі жапсырмалармен әсемделген қыш ыдыс түрімен, қоладан, Мысыр фаянсынан пішінделген аспалар, алтын-перузамен безендірілген майда бұйымдар, алтын жалатылған таяқша – билік белгісі, мыс айна, мыс-темір түйреуіштер, қадалар, тіліктер, оқ-жебе, сүйектен, темірден жасалған ат әбзелдері, қару түрлерімен толықты. Археологиялық ізденістің үлкен жетістігі – арыс мәдениеті археологиялық кешенінен табылған палеолингвистикалық дерек – ежелгі иран диалектісінің (соғды ) бірінде арамей эпиграфикасымен қыш-текшелер бетіне түсірілген ежелгі қаңлы жазуының (б.з.д. II ғ. – б.з. III ғ.) фрагменті (жалпы саны 15) музей қорындағы теңдесі жоқ артефакт.

Музей қорын толықтыруға бағытталған жұмыс нәтижесінде 2011-2014 жж. музейдің   археологиялық коллекциясына 540 зат қабылданды. Экспедиция материалдары ғылыми конференциялар жинақтарында жарияланды.

Музейде 2005 жылдан бастап «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жоба аясында ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар барысында дәстүрлі қазақ мәдениетіне қатысты көптеген ауызша мәліметтер, фотосуреттер жинақталды. Экспедиция еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстарында, сондай-ақ, шетелде тұратын қазақтар шоғырланған өлкелер – Шыңжаң (ҚХР) мен Баян-Өлгийде (Моңғолия) өткізілді. Ұзын саны 300-ден астам мәлімет берушіден алынған қазақ мәдениетіне қатысты ауызша мәліметтер ғылыми айналымға енгізіліп, музей жұмысына пайдаланылды.

Орындалып келе жатқан ғылыми-қолданбалы жобалар аясында Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларына бірнеше іссапар ұйымдастырылды. Бұл іссапарлар барысында осы қалаларда орналасқан музейлер, кітапханалар мен архивтерде жұмыс атқарылып, қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды материалдар, фотодеректердің көшірмелері алынып, олар ҚР МОМ-ның ғылыми кітапханасына тапсырылып, музейде орындалған түрлі ғылыми еңбектерге қамтылып, ғылыми айналымға енгізілді (ол жөнінде қараңыз: «Ғылыми-қор қызметі» деп аталатын төртінші бөлімнің «Ғылыми қызметті ұйымдастыру» тарауының «Ғылыми-қолданбалы жобалар» бөлімін).