Последние новости

20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі

2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Подробнее »

14.12.2024 ж. Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.

2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы

Подробнее »

06.12.2024 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесі

2024 ж. 6 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН»

Подробнее »

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты. Алғаш рет ҚАУ мектебі

Подробнее »

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды. Көрме

Подробнее »

Фотоқұжаттық материалдар

Музей қорындағы фотоқұжаттар жинағы 108 мыңнан астам сақтам бірлікті құрайды. Коллекцияға фотосуреттер ғана емес, негативтер, позитивтер, кітаптар, газеттер, альбомдар, кинофильмдер, бейнефильмдер, магнитофондық дыбыстық жазбалар, слайдтар да кіреді. Бұл кең көлемдегі визуалды деректер еліміздің иллюстрацияланған тарихын тануға мүмкіндік беретін түрлі мазмұндағы және сипаттағы тарихи дереккөздері болып табылады.

ХIХ ғ. соңы — ХХ ғ. басындағы фотоқұжаттар

ХIХ ғ. соңы – ХХ ғ. бірінші жартысындағы фотоқұжаттар коллекциясы осы кезеңде Қазақстанды болған зерттеушілер – С.И.Руденко, С.М.Дудин, Д.П.Багаев, А.Л.Мелковтардың антропологиялық және этнологиялық экспедициялары барысында алынған, сондай-ақ Семей есеп комитеті жинақтаған материалдардан тұрады. Экспедициялық материалдарымен қатар тақырыптық принцип бойынша топтастырылған фотосуреттер де ерекше қызығушылық тудырады. Оларда көрсетілген кезеңдерде өмір сүрген қазақ халқының тіршілікқамы жүйесі мен тұрмысы бейнеленген. Экспонаттардың көпшілік бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі түпнұсқа материалдар болып табылады. Олардың арасынан С.Торайғыровтың қолтаңбасы қойылған құжат, Ы.Алтынсариннің қолы қойылған мақтау қағазы, Н.Пантусовтың фотосуреттер коллекциясы, М.С.Знаменскийдің Әулиеата жорығы туралы күнделігі (1864), павлодарлық кәсіпқой фотограф Д.П.Багавтың 1920-30 жж. Солтүстік Қазақстанның тарихын тануға мүмкіндік беретін жарты ғасырлық фотошежіресін ерекше атауға болады. Фотосуреттер өткен ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан мағлұмат береді.

Коллекцияның қалыптасуына 1942-51 жж. Қазақстанның орталық музейінің директоры болған Ә.М. Жиреншиннің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның жетекшілігімен Қазақстанның бірнеше аймақтарына, атап айтқанда, Семей, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында тарихи-этнографиялық экспедициялар жүргізіліп, нәтижесінде фотоқұжаттар мен жазбаша ескерткіштер жинақталды. Музей қорында Қазақстанның архитектурасы мен құрылысын, мәдениеті мен ғылымын, денсаулық саласының дамуын көрсететін 50-60 жылдардағы фотосуреттер, ҚазТАГ материалдары сақтаулы.

Д.П. Багаевтың коллекциясынан алынған фото

Н. Пантусовтың коллекциясынан алынған фото

А.Л. Мелковтың коллекциясынан алынған фото 1928 г.

Визуалды антропология коллекциясы

Визуалды антропология – қоғамның визуалды параметрлерін зерттейтін әлеуметтік антропологияның кейінгі кезеңде құрылған бөлімі және ол түрлі мәдениеттер өзіне сәйкес визуалды компоненттерді біріктіреді деген болжамға негізделген. Визуалды дереккөздері фотосурет, пошталық карточка, негатив, бейне — кинофильмдерді біріктіреді. Фотоқұжаттар қорында XX ғ. бас кезінде шығарылған бірегей пошталық ашықхаттар жинақталған. Ашықхаттар «Шерер, Набгольц и Ко», Контрагентства А.С.Суворина и Кº, И.А.Бекъ-Назаров, Ташкент және тағы да басқа баспаларда басылып шыққан. Ашықхаттарда XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ халқы мен Орта Азияның басқа да халықтарының өмірі, тұрмыс-салты, қала, табиғат көріністері, сауда-саттық және жанрлық сюжеттер бейнеленген. Өте сирек кездесетін бұл ашықхаттардың кейбірі тек бір данадан және олар тарихи құжат бола отырып, маңызды ақпарат көзі әрі ғалым-этнографтар мен тарихшы, өнертанушылардың қызығушылығына ие тарихи, көркем құндылық болып табылады.

XIX ғ. соңында қазақ даласы және оның халқы жайлы зерттеуге арналған бірнеше экспедициялар болды. Осындай экспедициялардың біріне белгілі фотограф, суретші, этнограф С.М. Дудин жетекшілік етті. Экспедициялық жұмыстың нәтижесінде көптеген фотосуреттер түсіріліп, қазақ халқының ою-өрнектерінің альбомы жасалды және қазақтардың этнографиялық бұйымдары жинақталды.

ХХ ғ. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір бойынша коллекция

Қор коллекциясының негізгі бөлігінің хронологиялық аясы XX ғасырды толық қамтиды. Фотоқұжаттар қорында азамат соғысы, 20-30 жылдардағы ұжымдастыру, индустрияландыру кезеңінің материалдары, сонымен бірге Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагерлерінің мемориалдық кешендері, атап айтсақ, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы», қаһарман-жазушы Б. Момышұлының, жазушы әрі партизан Әди Шәріповтың, Социалистік Еңбек Ері күрішші Ыбырай Жақаевтың, Социалистік Еңбек Ері, тракторшы Кәмшат Дөненбаеваның   фотоматериалдары, тың игеруге байланысты материалдар кешендері бар. Коллекцияда осы кезеңдегі республиканың партиялық ұйымдарының жетекшілері туралы деректер, конференциялар мен партия съездеріне байланысты репортаждық түсірілімдер маңызды орынды алады. Сол кезеңдегі республиканың мәдени өмірін сипаттайтын фотоқұжаттар да ерекше қызығушылыққа ие. Коллекцияның жинақталуына, оны үнемі байытып отыруға үлкен үлес қосқан қазақ мәдениеті, әдебиеті және өнерінің белгілі қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, саясаткерлер — Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Бадыров, Ш.Айманов, Е.Өмірзақов, М.Төлебаев, Ә.Жиреншин, К.Кенжетаев, Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Ө.Жәнібеков, Қазақстан жерінің топырағын алғашқы зерттеген А.И.Безсоновтардың еңбегін ерекше айтып өткен жөн.

Музей қорында Ауғанстандағы жергілікті соғыс жайындағы және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, оның қатысушылары жайлы құжаттық мәліметтер бар.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды. Бұл кезең бойынша ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған фотоқұжаттар ерекше қызығушылық тудырады, сонымен бірге Астана қаласының бой көтеруі, тәуелсіз Қазақстанның экономика, білім, денсаулық сақтау, ғылым және спорт саласы, 2011 жылы Азиадаға қатысқан қазақстандықтардың фотоматериалдары, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ материалдары да бар.