ҚР Мемлекеттік Орталық музейі келесі бос орындарға конкурс жариялайды
1. Жоғары деңгейдегі біліктілігі жоғары санатты инженер-жүйетехник маманы (ақпарат бөліміне).
Біліктілікке қойылатын талаптар: арнайы техникалық-кәсіптік жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, компьютер пайдаланушыға кеңес беру деңгейінде офистік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары, жергілікті компьютерлік желілермен жұмыс істеу және Windows Server серверімен, принтерлермен жұмыс істей білу. Linux жүйелерімен жұмыс істеу, қолданбалы бағдарламалау жұмысы мен шығармашылық дағдысы болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 120-140 мың теңге аралығында; Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
2. Әдістемеші маман (сыртқы байланыстар бойынша жұмысты ұйымдастыру бөліміне);
Біліктілікке қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жоғары деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты І деңгейдегі маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі; І деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты ІI деңгейдегі маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі; ІІ деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты деңгейі жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс, деңгейсіз маманның жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 120-140 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
3. Әдістемеші — SMМ маман (баспасөз бөліміне);
Біліктілікке қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) жоғары білімі, жоғары деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты І деңгейдегі маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі; І деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты ІI деңгейдегі маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі; ІІ деңгейдегі маманға: мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты деңгейі жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс, деңгейсіз маманның жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 120-140 мың теңге аралығында; Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
Конкурсқа қатысушы азаматтардың құжаттары 2024 жылдың 15 шілде — 15 тамыз аралығында қабылданады.
байланыс телефондары: 264-56-72.