Последние новости

20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі

2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Подробнее »

14.12.2024 ж. Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.

2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы

Подробнее »

06.12.2024 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН» көрмесі

2024 ж. 6 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығы мен олардың дарынды шәкірттерінің бірлесіп ұйымдастырғалы отырған «АТАМЕКЕН»

Подробнее »

05.12.2024 KAU School — оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесі

2024 жылы, 5-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Тәуелсіздік күніне орай КAU School оқушыларының «Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде» көрмесін ашты. Алғаш рет ҚАУ мектебі

Подробнее »

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды. Көрме

Подробнее »

Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің мәдени-білім беру қызметінің маңызды аспектілерінің бірі Алматы қаласындаға оқу орындарымен, мектептер, гимназиялар, колледждермен қарым-қатынас жасау: балаларды тәрбиелеуге және оқытуға, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасау болып табылады. Музей мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын орнату үшін музей маңызды мәдени, ғылыми-білім және ақпарттық-кеңес беретін орталық болып табылады. Музей қызметкерлері оқу орындары мен педагогтарды мәдени-білім қызметі туралы ақпараттандыру, оқытушыларға ортақ жұмыс жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру туралы түрлі жұмыстар атқарады.

Музей білім беру Департаментімен және Алматы қаласындағы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста. ҚР МОМ-інде өтетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары: студенттер, оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және Алматы қаласы мен ауданының мамандандырылған оқу орындары.

Жаз мезгілінде (маусым-шілде) музей мектеп жанындағы лагерлермен және туристермен жұмыс жүргізеді.

2014 жылы Алматы қаласындағы 200-ге жуық жеке меншік мектептер мен колледждер оқушылары музейдің іс-шараларына белсенді түрде қатысып, экспозициялық залдарымен танысып, экскурсиялар тыңдады.

Соңғы жылдары музеймен Экономика және құқық колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі, Сервис және технология колледжі, Т. Жүргенов атындағы колледж, О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Экономика және құқық колледжі, Халықаралық колледж, Құрылыс және менеджмент колледжі, Алматы педагогика колледжімен белсенді түрде тығыз байланыс жасап келеді.

Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарымен жұмыс

Музей қызметкерлері музейге келушілердің санын арттыру, білім деңгейін көтеру және мәдени мұраны насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы жоғарғы оқу орындарының студенттерін музейде өтетін түрлі іс-шараларға қатыстырып отырады.

Студенттер тақырыптық көрмелердің ашылуына шақырылады, концерттік бағдарламаларға қатысады, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулерге қатысады, сонымен қатар олар қайырымдылық іс-шараларына еріктілер ретінде де қатысады. Музей жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына және студенттерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, музейтану бойынша түрлі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.

Музей 10 жыл бойына директорлар мен мұғалімдердің «Тамыз оқулары» қалалық кеңейтілген мәжілісіне белсенді түрде қатысып келеді. Білім басқармасымен ынтымақтастықта білім қызметкерлерінің «Мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты дамуының факторы ретіндегі білім берудің инновациялық стратегиясы» атты кезекті Тамыз кеңесіне қатысты. «Музей мен мектептің ынтымақтастығы: жұмыстың бағыты мен түрлері» тақырыбына баяндама даярланды.

№ 62 орта мектеп мұғалімдеріне арналған секциялық мәжіліс

Мектеп директорларына арналған отырысқа қатысу ( №148 мектеп)

Музей Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы оқу орындарын ынтымақтастыққа шақырады.