Ғылыми кеңес
Музейдің бас алқалық ғылыми-консультациялық және кеңесші органы – Ғылыми Кеңес. ҚР МОМ Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде музейдегі ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері талқыланып, таңдалған зерттеу тақырыбы мен бағытының құндылығы және өзектілігі жайлы қорытынды беріледі.
ҚР МОМ Ғылыми Кеңесінде музейдің ғылыми қызметіндегі негізгі бағыттар мен проблемалар бойынша ұсыныстар қаралып, ғылыми жұмыстың жоспары бекітіліп, музейдің құрылымдық бөлімдерінің кешенді әрі маңызды ғылыми жұмыстарының (аяқталған зерттеулер, сонымен қатар зерттеудің жеке кезеңдері бойынша да) есептері тыңдалады. Баспаға дайындалған ғылыми еңбектердің (энциклопедиялар, ғылыми каталогтар, мақалалар, конференциялар материалдары және т.б.) қолжазбалары талқыланып, жарияланымның мақсаттылығы жайлы қорытындысы шығарылып, бекітіледі.
2014 жылы Ғылыми Кеңестің 7 отырысы өтті. Онда мынадай мәселелер қаралды:
- 2014 ж. жұмыс жоспары;
- археологиялық қазба жұмыстарының есебі;
- Санкт-Петерборға (РФ) жасалған археографиялық іссапар есебі;
- ғылыми-қолданбалы жобалар аясындағы ғылыми іссапар есебі;
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы шығыс монеталары: Шағатай монеталарының Алматы көмбесі» (1 том 2 кітап) ғылыми каталогы мен «Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі». Т. 5. энциклопедиясының қолжазбаларын талқылау;
- 2014 ж. атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі қарастырылып, тыңдалды.
Қалпына келтіру кеңесі
Қалпына келтіру кеңесінің құрамын музей директоры бекітеді. Төрағасы бекітілген қалпына келтіру кеңесінің құрамына: бас қор сақтаушы, бөлімдердің жетекшілері, музейдің білікті ғылыми қызметкерлері, музей қорындағы материалдарды қалпына келтірушілер, қор сақтау тобының қызметкерлері кіреді. Қалпына келтіру кеңесінің отырысында қор коллекцияларын қалпына келтіру жұмысының жылдық және перспективті жоспарлары талқыланып, қалпына келтіру жұмысына іріктелген заттар көлемінде атқарылатын жұмыс сипаты анықталып, әдістемесі бекітіліп, әр затты қалпына келтіруге жұмсалатын уақыт/жұмыс сағаты шамаланып, жұмыс сапасы қадағаланады. Қалпына келтіру кеңесінің отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Қалпына келтіру жұмысына тапсырылған әр экспонатқа тиесілі атқарылған жұмыс сапасы кеңес отырысында қаралып, қанағаттандырылуына сай қабылданып, бекітіледі. Қалпына келтіру кеңесінің хаттамасын кеңес төрағасы бекітеді.
Экспозициялық-көрме кеңесі
Музейдің ғылыми-экспозициялық жұмысы ғылыми бағытта қарқынды дамып келеді. ҚР МОМ-дегі экспозициялық-көрме қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында музейде «Экспозициялық-көрме кеңесі» (ЭКК) алқалық басқару органы жұмыс істейді. Аталған ЭКК құрамындағы музейдің жетекші мамандары музейде экспозициялық-көрме жұмыстарын ұйымдастыру, безендіру және өткізу барысын бақылау-қадағалауға жауапты.
Экспозициялық-көрме кеңесінің қызметіне:
- көрмелердің жылдық жоспарын құру;
- реэкспозицияның жылдық жоспарын құру;
- көрмелердің тұжырымдық жобаларын, тақырыптық құрылымын, тақырыптық-экспозициялық және сәулеттік-көркемдік жоспарын құру кіреді.
ЭКК өткізілетін көрменің тұжырымдамасын (тақырыптың негіздемесін және проблемаларын) тыңдайды, құрылымдық жоспарын, экспозиция мазмұнының ерекшелігі мен сәулеттік-көркемдік шешімін талқылайды, түзетулер мен ұсыныстар енгізеді. Түсіндірме мәтіндер, экспонаттарға қазақ және орыс тілдерінде этикеткалар жасалады, редакцияланады. Көрме экспозициясында көркемдік-безендіру жұмыстары аяқталғаннан кейін көрмені қабылдау бойынша Кеңестің кезекті отырысы өткізіледі. Экспозициялық көрме кеңесі көрме құруға басшылық етеді, оның ашылуына дейінгі жұмыс барысын бақылайды. ЭКК құрамын музей директоры белгілеп, бекітеді. Кеңес қызметінің жұмысын үйлестіруді Кеңес төрағасы мен хатшысы жүзеге асырады.
Қор-іріктеу комиссиясы (ҚІК)
Музейдің қор-іріктеу комиссиясы (ары қарай ҚІК) кеңесші орган. Ол музей жинағын қалыптастыру үшін заттарды іріктеу мәселесін қарастыру мақсатында музей директорының бұйрығымен құрылады. ҚІК өз қызметінде Қазақстан Республикасының 15 желтоқсан 2006 ж. №207-ІІІ «Мәдениет туралы» Заңын, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 23 ақпан 2007 ж. №45 «Қазақстан Республикасында музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібі» бұйрығын және Музей жарғысын басшылыққа алады.