Рашида Ерімқызы Харипова — директор
Харипова Рашида Ерімқызы 04.09.1975 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. Тұрмыс құрған. Жолдасы Кайрушев Мадияр- мұнай өндірісі саласында қызмет атқарады. 2 ұл, 1 қызы бар.
Білімі: жоғары — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Биология пәні оқытушысы — 2001), — «Нархоз» университеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры — 2016); — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Педагогикалық ғылымдар магистрі — 2020).
Еңбек өтілі:
— 1993-1994 жж. «Жасталап» оқу өндірістік — комбинатында іс жүргізуші; оқу өндірістік — оқыту мастері;
— 1994-1999 жж. биология пәнінің мұғалімі;
— 1999-2001 жж. кәсіптік бағдар беру жөніндегі — методист;
— 2001-2003 жж. директордың оқу өндірістік істері жөніндегі орынбасары;
— 2003-2009 жж. Атырау облысы тарихи- өлкетану музейінің «Өлке табиғатын ғылыми- — зерттеу» бөлімінің бөлім меңгерушісі;
— 2009-2010 жж. Музей басшысының ғылыми — істер жөніндегі орынбасары;
— 2010-2014 жж. Музей басшысының жалпы — мәселелер жөніндегі орынбасары;
— 2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызы музей — басшысы;
Еңбектері:
1. «Музей құндылықтарының есепке алынуы, сақталуы және пайдаланылуы» 2015;
2. «Музейде мәдени шараларды ұйымдастыру және жәдігерлер негізінде баспа өнімдерін дайындау жолдары» 2015;
3. «Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологиялық, этнографиялық коллекциялары» ғылыми каталогы (3 тілде) 2016;
4. «Домбыра – дастан» 2017 ;
5. «Миялы қорғандары» 2018;
6. «Ақтөбе-Лаэти қалашығы» 2018;
7. «Күй атасы Құрманғазы» 2018; Кітапты, ғылыми жинақтарды құрастыруға жауапты
8. «Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекциясы» 2009;
9. «Киелі мұралар ордасы», 2010;
10. «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: тарихи ізденіс, жаңаша зерттеу, жаңа көзқарас» аймақтық семинар-кеңес жинағы, 2016;
11. Халық батыры И.Тайманұлының туғанына 225 жыл және 1836-1838 жылдардағы ұлт азаттық көтеріліске 180 жыл толуына арналған «Тарих және тұлға» аймақтық ғылыми практикалық конференция жинағы, 2016;
12. «Алаш тағылымы және тәуелсіздік» аймақтық ғылыми – практикалық конференция жинағы. 2017;
13. «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттар арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми практикалық конференция жинағы. (3 тілде) 2017;
14. «Батаменен ел көгерер» -Бата сөздер жинағы. 2018;
15. «Халел Досмұхамедов Ұлы мұрат жолында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. 2018;
16. «Профессор Хисмет Табылдиевтің ғылыми мұрасы және өлкетанудың ғылыми негіздері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. 2019;
17. «Палеонтолгиялық коллекция» ғылыми каталог 5 тілде;
18. «Археологиялық коллекция» ғылыми каталог 5 тілде;
19. «Қару-жарақтар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде;
20. «Зергерлік бұйымдар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде;
21. «Саз аспаптар коллекциясы» ғылыми каталог 5 тілде. Редакция алқасында болды:
22. «Сарайшық бабалар мұрасы» «Ағатай» 2015;
23. «Мәңгілік мінәжәт» «Ақ жайық kz» Астана – 2015;
24. «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» «Флориант» Астана – 2017.
Жетістіктері:
— 2015 Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ИКОМ Халықаралық музейлер одағының шешімімен «Жыл музейі» атағын иеленді.
— 2014-2018 жылдары Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, және Ресейдің Санкт-Петербург, Астрахань, Калмыкия, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында, Лондонда тарихи-экспозициялық көшпелі көрмелер ұйымдастырылды.
— 2017 жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-конференциясы, «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: Мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру»; «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.
— Облыс аумағындағы Ортағасырлық Сарайшық, Актөбе-Лаэти қалаларының орнына және Атырау облысы, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы ерте темір дәуіріндегі Миялы, Борсық, Балқұдық қорғандар тобына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге жетекшілік етті.
— Музей қорындағы 400 заттай жәдігерлердің фотосуреттері 3D форматында дайындалып, музей залдарындағы сенсорлық экрандарға және музейдің ресми atyrau-museum.kz сайтына енгізілді. Музей заман талабына сай көрермендерге қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде аудио-гид қызметін көрсету мүмкіндігіне және QR-код арқылы izi-travel қосымшасы іске қосылды.
— Музей жанынан «Жас экскурсоводтар» клубы, «Алтын оймақ» үйірмесі, Атырау КВЕСТ – тележоба жүзеге асырылып келеді.
Марапаттары: «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2010); «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Жыл таңдауы — 2017» номинациясы (2017); Туған өлкенің тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Үздік өлкетанушы» төс белгісі (2018); «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекелік медалі (2018); «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2019); Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл медалі (2019); Өзбекстан Республикасындағы қазақ ұлттық мәдени орталығына 25 жыл медалі (2019); Халық қаһарманы Хыйуаз Доспанова атындағы медалі (2020)
Қосымша: Қазақстан журналистер және өлкетанушылар одағының мүшесі.
Саров Сержан Бараханұлы – директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары
Саров Сержан Бараханұлы 8 қаңтар 1983 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында дүниеге келген.
2002-2006 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультеті, тарих, құқық және экономика негіздері мамандығын алып шықты.
2018-2020 жж. аралықтарында Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты. Тарих ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы тарихы музейінің кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 2008-2017 жылдар аралығында ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер, тарихи-мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөнінен орынбасары және сол жылы директордың міндетін атқарушысы. 18.03.2019 — 13.03.2020 жж. аралықтарында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры болып тағайындалды.
14.03.2020 – 07.09.2022 жж. «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
12.09.2022 – 31.01.2023 Алматы қаласы Мәдениет басқармасы
«Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі
2007 – 2010 жж. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Алматы қаласы тарихы музейі бірлескен қала маңындағы археологиялық ескерткіштерінің зерттеу жұмыстарына қатысқан, Алматы маңындағы апатты деп танылған б.д.д V-III ғғ. ЕТД ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді..
2014-2018 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен Алматы қаласындағы 140-тан астам тарихи мәдени ескерткіштерге бақылау жұмыстарымен айналысып, ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында 10 аса ғылыми мақалалар жарық көрді.
БАҚ өкілдерімен Алматы қаласындағы тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың тарихы жайлы бағдарламаларға қатысты тақырыптық сұқбаттар берді.
«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты музейлердің экскпозициялық жұмыстарына ат салысып, қазіргі таңда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ғылыми-қор, ғылыми-зерттеу, мәдени танымдық жұмыстарын қолға алып, даму жұмыстары жасалды. Қызмет барысында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаевтың мемориалдық музейі, Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музейі сияқты т.б музейлердің экспозициялық жұмыстарына қатысты.
Ғалия Теміртон — директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымының докторы (PhD). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2013 жылдың 15 сәуірінен ғалым-хатшы қызметін атқарды, 2017 жылдың 27 сәуірінен бастап – директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Қазақ Мәдениет саласындағы еңбек өтілі 25 жылдан астам.
Ғалия Темиртон 50-ден аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. «Казахстан и мировое пространство: культурная интеграция», «Традиционная музыкальная культура в контексте социокультурной модернизации» сияқты бірқатар еңбектердің авторы және ғылыми редакторы.
Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттеу Ұлттық Комитетінің (ЮНЕСКО) мүшесі (2011 жылдан), Халықаралық «Qs World Universitety Rankings» Агенттігінің сарапшысы (2011жылдан), Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Алматы қаласының киелі орындары» бағдарламасы бойынша Комиссия мүшесі (2017 жылдан).
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «жобалау менеджменті» мамандығы бойынша (2016 ж.), Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет саласындағы жоғары буын қызметкерлерінің Орталық академиясы жанында өткен музейлерді басқару мәселелері бойынша өткізілген курстарды тәмамдаған (2016 ж.).
Мемлекеттік медальдары: «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік орталық музейінің мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген ісшарасына белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы әкімінің бірнеше «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Кущенко Анна Викторовна — директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары
Кущенко Анна Викторовна 23 желтоқсан 1977 жылы дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақстан тарихы» мамандығын (бакалавриат), ал 2002 жылы «Тарих магистрі» дәрежесін алып магистратура бөлімін үздік бітірген. Музей саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2003 жылы Алматы қалалық Туризм департаментіне қарасты біліктілікті арттыру курсын тәмамдап, жоғары дәрежелі, біліктілігі жоғары экскурсия жүргізуші маман қызметін атқарған. 2005 жылдан бастап музейдің Мәдени-білім жұмысы орталығына жетекшілік қызметке тағайындалды. 2023 ж. — ҚР Мемлекеттік Ұлттық Банк филиалы мұражайының меңгерушісі, 2024 ж. — Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының маркетинг, дизайн және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
А.В. Кущенконың мәдени-білім жұмысы мен жобалық музей қызметі салалары (әлеуметтік, маркетингтік зерттеулер жүргізу, мәдени-білім беру жобаларын жасау, конференциялар, тұсаукесерлер, фестивальдар, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, қоғаммен байланыс қызметін дамыту, музейдің ақпараттық-жарнама және PR- жұмыстары және т.б.) бойынша жинақтаған тәжірибесі мол.
200-ден астам көрме жұмыстары мен әртүрлі іс-шаралар, 20-дан астам мәдени-білім жұмыстары, көрме жобаларын ұйымдастыруға атсалысты. Атап айтсақ: «Музей түні»; « ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным»; 28-ші Қысқы Универсиадаға орай өткізілген «Қазақстан спортының тарихы»; «Наурыз нақыштары» жобасы; «Мәңгілік ел»; Алматы қаласының 1000 жылдығына орай – «Алматы – Жер бетіндегі ең әдемі қала» атты көрмесі; «Отбасымен музейге», ұлттық валютаның 25 жылдық мерейтойына орай «Халық Банк» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан» көрмесі; Корея ұлттық этнографиялық музейімен бірлескен «Ариранг – Кореяның жүрегі» атты көрмесі; 2018 жылы Тан династиясының Сианьдағы музейі ұйымдастырған «Ұлы дала көшпенділерінің мәдениеті» (Қытай, Сиань) көрмесі секілді бірқатар халықаралық көрмелерді ұйымдастыруға да белсенді атсалысқан.
А. Кущенконың музей ісі, музейлік қызмет, музейдің мәдени-білім жұмысына негізделген 60-тан астам жарияланымдары жарық көрген. Сондай-ақ, музей ісі бойынша 15-нан астам біліктілікті жоғарылату сертификаттары бар. 20-дан астам республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға, форумдарға қатысқан. Атап айтсақ: «Оразбаев оқулары», «Қасымбаев оқулары», «Арғынбаев оқулары»; 2013 жылы Өскемен қаласында болған «Музей педагогикасындағы көркемдік білім кеңістігі» ғылыми конференциясы; Халықаралық ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО ұйымымен бірлескен Орталық Азия музейлері қызметкерлеріне арналған «Орталық Азия музейі: дәстүр мен жаңашылдық» атты суб-аймақтық семинар-практикумдар (2013 ж.). 2019 жылы Қытайдың (Сиань қаласы) 7 ірі музейлерінде музейлік білім бойынша тағылымдамадан өттім.
Жетістіктері мен марапаттары: «Музей педагогикасындағы көркемдік-білім кеңістігі» атты І Республикалық конференцияға қатысқаны үшін берілген сертификат//Шығыс Қазақстан өнер музейі, Өскемен, 2013 ж.; Орталық Азия музейлеріндегі дәстүр мен жаңашылдық жөнінде өткізілген суб-аймақтық семинарға қатысқаны үшін берілген сертификат//ТURKSOY, Алматы, 2013 ж.; Халықаралық «Жібек Жолы» байқауына берілген диплом//ЮНЕСКО, О. Таңсықбаев ат. сәндік-қолданбалы өнер колледжі, «Н.Назарбаев: Дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында өткен «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы музейдің рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысқаны үшін берілген сертификат. Астана, 2017 ж.; «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» сертификаты. Астана, 2017 ж.; ҚР Мемлекеттік орталық музейі дәрежесін көтеру мақсатында атсалысқаны үшін берілген «Қазақ Хандығына 550 жыл» медалі; 2018 жылдың 15 мамыр -15 маусым аралығында өткен Тан династиясының Сианьдағы музейі ұйымдастырған «Ұлы дала көшпенділерінің мәдениеті» (Қытай, Сиань) атты көрмесі үшін берілген мақтау қағазы. «Ингмар Бергман және оның мұрасы» халықаралық көрмесін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ҚР-дағы Швеция Елшілігінің алғыс хаты (2018 ж.). ҚХР музейлік білім беру Альянсының, ҚХР Тан әулеті Батыс нарығының Сиань музейінің (2019 ж.) музейлік білім беру саласындағы сертификаты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасы. Министр А. Райымқұлова, 2021 ж.
Куәлік № 2978 — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет үздігі»/ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі. 16.05.2022 ж., аппарат басшысы берген.