26.12.2024 ж. «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесі

2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шолпан Жақыпқызы Заманбекованың «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық

Подробнее »

20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі

2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді.

Подробнее »

14.12.2024 ж. Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.

2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы

Подробнее »

15.01.2025 Лея Санатаның «Гүлдер құшағында» жеке көрмесі

2025 жылдың 15 қаңтары сағат 16:00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретші Лея Санатаның «Гүлдер құшағында» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

1973 жылы дүниеге келген Лея Саната– бейнелердің құпиясын тереңнен ұғынып, бізді кенеп пен бояу арқылы өзге бір әлеммен таныстырады. Оның әрбір жұмысынан шексіз махаббат сезіледі. Әрбір картинасы өмір қуанышы мен тәтті сезімдерді оятып, адамның жанын тербетеді. Ол табиғаттың терең де нәзік түстерін пайдалана отырып, адам мен табиғаттың бітеқайнасқан бірлігін көрсетеді.

Лея Саната бірқатар елдің әлемдік қоғамдастығында «өнер әлемінің сұр кардиналы» болып танылды. Ол – түстердің нәзік сезімін тереңнен ұғынған әлем адамы. Суретшінің халықаралық марапаттары мен сертификаттары бар, Artist Talk (London),Artist Talk Magazine (UK) Goddessarts magazine (Germany), Cumhuriyet (Turkey) секілді бірқатар халықаралық журналдарда еңбектері жарық көрген.

Өнертанушылар Лея Санатаның стилін Grand Genre, яғни «жоғары жанр» десе, сарапшылар оның кескіндемесін жаңа сюрреализмге жатқызады.

Италия, Түркия, Дубай елдерінде үлкен жетістікке жеткен көрме Қазақстанда тұңғыш рет ашылмақ. Аталмыш көрме әр елге саяхат десе де болады.

Суретшінің шығармашылығы ғасырлар бойы адам санасына сіңіп қалған кейбір түсініктерді түбірімен өзгертті. Өнертанушы Дильшат Харман айтқандай: «Ер адам ғана данышпан, әйел адам тек қана ер адамның шабытын оятатын муза деген түсініктің қанымызға сіңгені соншалық, дарынды әйел суретшінің еңбегін бағалау да қиынға соғады».

Лея Санатаның кескіндемесі Әйел адамның бейнесін әр жетістігінде шексіз кемелдене гүлдейтін сан қырлы нәзік гүлмен салыстыра отырып бейнелейді. Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ана, данышпандықтың, ішкі ұлы күштің көрінісі. Оның әрбір шығармасы әйел адамның ұлылығына арналған. Себебі, өзі де өмірінің әр сәтінде бүр ашқан гүлдей, бойына нәзік сезім мен ұлы дарынды сіңірген.

Лея Санатаның 40-тан астам бірегей шығармалары жинақталған жеке көрмесі әрбір өнерді бағалайтын жандар үшін жарқын оқиғалардың бірі болмақ. Бұл әрбір бояу махаббат, нәзіктік пен ұлылықтың үйлесімділігі, жылу мен жарыққа толы әйел жанының терең сырын ашатын  хош иісті гүлдер әлемімен етене танысуға зор мүмкіндік. Суретшінің теңдессіз шығармашылығымен таныса отырып, сұлулықтан шабыт алатын айтулы күндердің бірі болмақ.

Қала тұрғындары мен қонақтарын ҚР Мемлекеттік орталық музейіне келіп, осы тамаша өнер саяхатына аттануға шақырамыз.