2024 ж. 14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы бірлесіп, Қазақстандағы жергілікті өндірушілердің ең ірі көрмесі – «Almaty Pop Up Store powered by Teez» іс-шарасын өткізеді.
Almaty Pop Up Store – бұл тәжірибе алмасуға, шығармашылық тұлғалармен пікірлесуге және танысуға арналған алаң. Біздің мақсатымыз – жас дизайнерлер мен шеберлердің өз бұйымдарын келушілерге таныстырып, алғашқы сатылымдарын жасауға мүмкіндік беру. Басты құндылықтарымыз –қала тұрғындарының эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал ету және әрбір бұйымды ерекше ықыласпен ұсыну.
Жаңа жыл қарсаңында Almaty Pop Up Store алғаш рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде өтеді. Биылғы маусымда 80-нен астам отандық бренд өкілдері өз өнімдерін ұсынады. Резиденттер керамикадан жасалған бұйымдар, этникалық стильдегі киім мен бас киімдер, әртүрлі материалдардан жасалған әшекейлер, хош иісті шырақтар, сөмкелер, экологиялық пластиктен жасалған ойыншықтар және тағы басқа көптеген қолөнер бұйымдарымен таныстырады.
11 жыл ішінде Almaty Pop Up Store алаңында «made in KZ» және «made in Central Asia» белгісімен 1000-нан астам бренд өз өнімдерін таныстырды.
2023 жылдан бастап, Битрикс 24.Казахстан қолдауымен kid’s biz zone аймағы ұйымдастырылып келеді. Бұл аймақтың басты мақсаты – балалар шығармашылығы мен кәсіпкерлігіне қолдау көрсету. Аталмыш аймақтың 6-14 жас аралығындағы жас қатысушылары өз идеяларын жүзеге асырып, бизнесті жүргізудің алғашқы тәжірибелерін алады. Kid’s biz санатында 40-тан астам бала өздерінің қолөнер және қыштан жасалған бұйымдарын, ашық хаттарын, интерактивті тақталарын, акрил бояуларымен салынған картиналарын, кітаптарын, тағамдарын және басқа да өнімдерін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен «Pop Up Store» компаниясы баршаңызды «Almaty Pop Up Store 30» мерейтойлық жәрмеңкесіне шақырады.
Арт-көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуы: 2024 ж. 14 желтоқсан, сағ. 11.00-де.
Көрме-жәрменкенің жұмыс уақыты: 10.00-19.00-ге дейін.
Көрме-жәрмеңкеге кіру – тегін, ал музейдің экспозициялық залдарына кіру – ақылы.